Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Биология, медицина, фармация салаларының даму келешегі»

«Биология, медицина, фармация салаларының даму келешегі»

05 Қаңтар 2021

10-11 желтоқсан айында онлайн-форматта Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры мен Оңтүстік-Қазақстанның медициналық академиясының ұйымдастыруымен «Биология, медицина, фармация салаларының даму келешегі» атты жас ғалымдар мен студенттердің VII халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференция барысында заманауи зерттеулердің ең өзекті бағыттары талқыланып, олардың Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық даму бағытына сәйкес келешек даму жолдары ойластырылды.

Конференцияға «ҚМУ» КеАҚ студенттік ғылыми қоғамының (СҒҚ) Жалпы медицина мектебінің өкілдері қатысты:
1 курс студенті Шегебаев Әділет және 2 курс студенті Амангелді Аружан «Теориялық биомедицина және биология» секциясы бойынша, жоба тақырыбы: «Кейбір дәлелдер бойынша аносмияның коронавирустық белгілерге ұқсас екендігін көрсетеді. Бұл қаншалықты рас?».

2 курс студенттері Карибекова Айдана және Әділбек Аяулым «Теориялық биомедицина және биология» секциясы бойынша, жоба тақырыбы: «Реконвалесцентті плазма құю коронавирус ауруымен ауыр науқастарды емдеуде пайдалы болуы мүмкін бе?».

3 курс студенті Райбаев Әділет Құмарбекұлы «Медицинадағы инновациялар: теориядан практикаға» секциясы бойынша, жоба тақырыбы: «Полиметаллдық шаңның тәжірибелік жануарларға стресстік және канцерогенді фактор ретінде әсер етуі».

4 курс студенті Аманқұл Аружан Полатбекқызы «Заманауи медицинаның теориялық және практикалық аспекттері» секциясы бойынша, жоба тақырыбы: «Қозғалтқыш жүктемелерге үйрену кезінде студенттердің кардио-респираторлық жүйесінің мүмкіндіктері».

4 курс студенті Джангашкарова Аймира Қайратовна «ХХІ ғасырдағы қоғамылқ денсаулық және денсаулық сақтау» секциясы бойынша, жоба тақырыбы: «Қазақстан Республикасында мейірбикелер мен психологтардың ВИЧ жұқтырған балалар мен жасөспірімдерге көзқарасы».

Конференцияға СҒҚ-ның өкілдері, Фармация мектебі студенттері Алимбатыров М., Ануарова Н., Имашев А. және Каманова А. қатысты. Олар «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакологияның өзекті аспекттері», «Медициналық және фармацевтикалық білім берудің гуманитарлық аспекттері» және «Халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жетілдіруге арналған инновациялық тәсілдер» секциялары бойынша қатысты.

Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Сонымен қатар барлық мақалалар мен тезистер «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының хабаршысы» атты ғылыми журналда жарияланады.
СҒҚ-ның өкілі Фармация мектебінің студенті Алимбатыров Марлан ең үздік мақала үшін дипломмен марапатталды.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!


0
255

пікірлер

пікір қалдыру үшін.