Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
№3 ішкі аурулар кафедрасы

№3 ішкі аурулар кафедрасы

6a3c2969afa30ea0343231cf08893d90

Кафедра тарихы. №3 ішкі аурулар кафедрасының тарихы 2005 жылдан бастап дипломнан кейінгі білім беру және үздіксіз кәсіби дамыту факультеті деканатынан басталады және 10 жыл бойы оның тұрақты басшы болған көрнекті терапевт, медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.С. Умбеталинаның атымен тығыз байланысты.

Профессор Н.С. Умбеталина өз жұмысында оқу, әдістемелік, ғылыми, клиникалық және қоғамдық қызметтерімен сәтті ұштастыра білді.  Профессор Н.С. Умбеталинаның 300-ден астам ғылыми еңбектері (жақын және алыс шет елдердегі жарияланымдарды қоса алғанда), оның ішінде 2 монография, бірқатар әдістемелік құралдар мен оқу құралдарын, 11 патент жариялады. Оның ғылыми жетекшілігімен медицина ғылымдарының 12 кандидаты, 4 магистр, 1 PhD докторы оқытылды. 2015 жылдан бастап кафедраны  медицина ғылымдарының докторы, профессор Л.Г. Тургунова басқарды.

2017 жылдан бастап кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Л.К. Ибраева басқарып келеді. 200-ге жуық ғылыми басылымдары, оның ішінде 7 монография, 20-дан астам әдістемелік құралдар, 1 әдістемелік нұсқаулық, 6 патент, 1 еуразиялық патент, 8 зияткерлік меншік сертификаты бар. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мақұлдаған 2 ғылым кандидатын дайындады. Еңбектің барлық кезеңінде ғылыми-педагогикалық қызметті клиникалық жұмыспен жемісті түрде біріктіріп келеді.

Кафедраның алғашқы мүшелерінің қатарында  м.ғ.к., доцент Т.К. Дюсембаева және б.ғ.к. Ш.Е. Диқанбаева болды. Әр жылдары кафедраның негіз құрамында                          Р.М. Абдуллабекова, м.ғ.д., профессор Л.Г. Тургунова, м.ғ.д., профессор Р.А. Омарова,  профессор Н.И. Шевелева, м.ғ.д., профессор А.М.Букенов, м.ғ.д., профессор                          К.Ж. Мұсылманбеков, м.ғ.к., доцент Игімбаева Г.Т., м.ғ.к., доцент Е.В. Круг, доцент                                      Н.Н. Реченская, м.ғ.к., Ж.С. Қызырова, м.ғ.к., Д.Т. Амирханова, к.м.н. А.Б. Скакова, м.ғ.к., Г. К.  Мағзумов,  ассистенттері Н.Н. Седач, Ж.С. Ержанова, С.В. Волокитин жұмыс істеді.

Кафедраның дамуына ішкі қоса атқарушылар, профессор Р.С. Досмағамбетова, профессор Р.Д. Қонақбаева, профессор Д.Ж. Тайжанова, профессор М.М. Түсіпбекова, профессор Т.М. Мәжитов, профессор С.Б. Жаутикова, доцент Л.К. Бадина, доцент М.Т. Айтқұлов сияқты жоғары білікті мамандар зор үлесін қосты. Кафедраның алғашқы жылдарынан бастап кафедрада тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдері, сырттай жұмыс істейтін жоғары және бірінші біліктілік санаттағы дәрігерлер жұмыс істейді. Алғашқылардың қатарында: эндокринолог-дәрігер Л.Х. Аменова, функционалды диагностика дәрігері Н.Ф. Бисерова, гематолог-дәрігер В.Н. Шилова, реаниматолог-анестезиолог дәрігер А.Г. Сиротенко, гастроэнтеролог дәрігер И.А. Лозинская, эндокринолог дәрігер З.М. Тұтқұшбаева, кардиолог дәрігер А.Г. Мағзумов, эндокринолог дәрігер Т.Н. Тен болды.  Қазіргі уақытта ультрадыбыстық диагностика дәрігері                        Е.Е. Дюсембаев, реаниматолог дәрігері В.В. Снисаренко, пульмонолог дәрігері                       А.А. Нығыметова, нефролог дәрігерлер С.С. Сариева, Е.В. Капинос, ревматолог дәрігер Р.Т. Ишигов, торакальды бөлімінің меңгерушісі Д. К. Әубәкіров істейді.

Кафедра қызметкерлері бірнеше рет жеңімпаз атанды: «ҚММУ үздік терапевті» номинациясы бойынша доцент Т.К. Дюсембаева, «Үздік жас ассистент» аталымында бірінші орынды И.В. Бачева иеленді. 

Профессорлық оқытушылық құраммен бірге кафедраның дамуына зертханашылар А.Х. Елемесова, Т.В. Марущак, А.С. Жамкеева, Ж.Е.Ерболатова өз үлестерін қосты. 

Кафедрада «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр және интерн студенттеріне оқу жүргізіледі: 2-3 курс үшін «Ішкі аурулар кафедрасы» пәні бойынша,   4 курс үшін «Ішкі аурулар» пәні бойынша, 6-7 курс интерн-терапевттеріне; «УДЗ және функционалды диагностика» элективті пән бойынша 5 курс студенттеріне, 6 курсқа  «Жүктілердегі экстрагениталды патология» пәні бойынша; «Ішкі аурулар» пәні бойынша медициналық колледжге , «Нефрология, оның ішінде балалар», «Пульмонология, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша резиденттерге (мамандық 2017-2018 жылы аккредитациядан өтті), магистранттарға, Ph.D-докторанттарға, қайта даярлау және біліктілігін арттыру циклы бойынша дәрігерлерге 6 мамандық бойынша: терапия, гериатрия, нефрология, ревматология, пульмонология, функционалды диагностика, кәсптік патология. 

Бұрын көрсетілген мамандықтардың қатарында дәрігерлерді гастроэнтерология, эндокринология, гематология, трансфузиология, дерматовенерология (дерматокосметология), медициналық реабилитология, спорттық медицина, дәстүрлі медицина (рефлексотерапия, мануалды терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия), онкология (химиотерапия, маммология), клиникалық  зертханалық  диагностика, сот-медицина сараптамасы, патологиялық анатомия, фармация, «ҚМУ» КеАҚ педагогикалық біліктілікті арттыру циклдарында орта медициналық жұмысшыларды және оқытушыларды оқыту жұмыстары жүргізіледі. Кафедра қызметкерлері Қарағанды облысында (Жезқазған, Сұрыптау) және басқа да облыстарда (Павлодар, Қостанай, Ақтау, Екібастұз, Талдықорған) шығу циклдарын өткізеді. Кафедраның жабдықтары оқу үдерісін жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Студенттерге жүрек-қан тамыр, тыныс алу және басқа да жүйелердің функциясының динамикасын (мониторингін) бағалауға мүмкіндік беретін бейнелер, микроскоптар, медициналық жабдықтар (2 пикфлоуметр,  небулайзер, ультрадыбысты сканер) жабдыөқталған. 

Кафедра құрылғаннан бастап кафедра ұжымы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Кафедра қызметкерлері облыстық «Отбасы және репродуктивті денсаулық» ғылыми-тәжірибелік конференцияның (2018ж. 14 қараша, ҚММА), III Халықаралық «Ішкі аурулар және гематологияның өзекті сұрақтары» ғылыми-тәжірибелік конференцияның (2009ж. 08-09 қазан, ҚММУ), Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Жүктілердегі экстрагениталды патология: өзекті мәселелері және шешу жолдары» (2013ж. 16-17 мамыр, ҚММУ) конференцияларының өткізілуіне ат салысты. Кафедра қызметкерлері профилактикалық медицина бойынша мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығының (Мәскеу қ.) м.ғ.к. Е.Н. Дудинская және м.ғ.к. Н.В. Шарашкина «Жүкті әйелдерді жүрек және эндокриндік аурулармен қамтамасыз ету» (13-17 мамыр 2013ж., ҚММУ) жалпы практика дәрігерлері, кардиологтар, эндокринологтар, акушерлік гинекологтар және жалпы тәжірибелі дәрігерлер үшін; практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері үшін - «Жүрек және эндокриндік жүйке аурулары бар жүкті әйелдерді басқару» мастер-классы, «Туберкулез дәрігерінің тәжірибесінде клиникалық пульмонологияның өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Кафедра қызметкерлері ғылыми бағдарламаны жүзеге асыруға және орындау барысына қатысады: «Жүкті әйелдерде экстрагенитальді патологиядағы мұқиятты болжау және асқынудың алдын алу» тақырыбында ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру (2012-2014 ж), «Экологиялық тәуекелдер және халықтың денсаулығы» (2014-2016ж),  «Қоғамдық денсаулықты сақтау мақсатында профилактикалық ортаны қалыптастырудың ғылыми негіздерін әзірлеу» (2017-2019ж). Негізгі ғылыми қызығушылықтары патогенездің, клиниканың ерекшеліктерін зерттеу және тыныс алу, зәр шығару, жүрек-тамыр жүйесі, ревматикалық аурулар, жүкті әйелдердің экстрагениталды патологиясы бойынша ең жиі кездесетін ауруларды емдеуге және алдын алуға бағытталған. Кафедрада 4 кандидаттық диссертация, 7 магистрлік диссертация, 1 докторлық диссертация қорғалған.

Кафедраның 6 клиникалық базада орналасқан  - Облыстық клиникалық ауруханада, Облыстық медицина орталығында, Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институты, «Гипократтар» ЖШС, ҚМУ КеАҚ Медицина университеті клиникасы, №4 емханада орналасқан. Кафедраның клиникалық базалары зертханалық, аспаптық және функционалды диагностика үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқу үдерісінде - проблемалық дәрістер, инновациялық технологиялар (интерактивті дәріс, PBL, TBL, CBL, жобаға негізделген оқыту, RBL), электронды оқыту технологиялары, пәнаралық, симуляциялық оқыту, қашықтықтан оқыту элементтері, академиялық ұтқырлықтан шығу әдістері кеңінен қолданылады.

Кафедра «АМУ» АҚ, С.Ж. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ, ҚазМҮББУ, СММУ, Рязан ММУ – мен белсенді жұмыс жасайды.

Кафедра қызметкерлері өз біліктілік деңгейлерін КеАҚ «ҚМУ»-нде және алыс-жақын шет елдерде тұрақты көтереді: 2018 жылы И.В. Бачева (Санкт-Петербург қ.), Зубкова Е.Ю. 2018 ж. (Австрия, қ Зальцбург), Минбаева Л.С. 2018ж. (Австрия, Зальцбург қ.). Кафедра ассистенті Төлегенова Д.Е. «Кәсіби, көшбасшы және ұйымдастырушы» модулінде медициналық білім беру мекемесінің қызметкерлерінің педагогикалық дағдыларын жетілдіру үшін «Тиімді мұғалім» және «Педагогтардың базалық курсы» тренингтерінен 216 сағат өтті және Инновациялық технологиялар трансферті орталығының жаттықтырушылар құрамына кіреді. Оқытушы-тьютор Ж.Ж.Турханова «Тиімді оқытушы» және «Зерттеуші және ғалым», «Виртуалды пациенттерді қолдану арқылы проблемалық-бағдарланған оқытуды үйрету» циклдарында біліктілігін арттырды. 

Кафедра қызметкерлері университеттің мәдени және қоғамдық өміріне қатысады: кафедра зияткерлік викториналар - «Жаңа жыл», «Наурыз» және жыл сайынғы «Біз әртүрлібіз, біз тең, біз біргемыз» атты студенттік фестивалін өткізді.

Қазіргі уақытта кафедрада жұмыс істейді:

Ғылым докторлары, профессорлар- Ибраева Л.К.,  Аманбекова А.Ө.,  Бакирова Р.Е. 

Ғылым кандидаттары: Нұрсұлтанова С.Д., Баешева Т.А. , Требухина О.И.,  Оспанова К.,  Абильдин М.А

PhD докторлары: Бачева И.В., Минбаева Л.С 

Ассистенттері:  Утеубаева Р.Д.,  Тулегенова Д.Е,  Тұрдалы Ф.М., Колыбюк В.Ю., Бигайдарова Г.Х., Зубкова Е.Ю.,  Сейтжанова Г.Б.,  Бакиева К.М., Садвокасова Г.М., Турханова Ж.Ж., Шумская В.В.




Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік