Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Морфология және физиология кафедрасы

Морфология және физиология кафедрасы

Морфология және физиология кафедрасы 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап морфология (анатомия блогы, гистология блогы) және физиология кафедраларының қосылу нәтижесінде құрылды. Кафедра меңгерушісі к.м.н. Нұрлан Нығметұлы Наурызов.

Топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы 1951 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі профессор А.И. Лаббок. 1952 жылдан 1960 жылға дейін кафедра меңгерушісі Е.М. Медведев болды. 1962 жылдан 1971 жылға дейін кафедраны қайта профессор А.И. Лаббок басқарды. 1971 жылдан 1976 жылға дейін, содан кейін 1984 жылдан 1989 жылға дейін кафедраны, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қарағанды мемлекеттік медицина институтының ректоры (1984-1989 жж) Н.А. Хлопов басқарды. 1990 жылдан бастап кафедра осы кісінің атымен аталады. 1976 жылдан 1984 жылға дейін кафедраны Республиканың еңбек сіңірген дәрігері, т.ғ.д., профессор Т.Г. Чернов басқарады. 1990-1992 жылдары кафедра меңгерушісі м.ғ.д. П.С. Сычев болды. 1993-1996 жылдары доцент Ш.К. Базарбеков. 1996 жылдан 2007 жылға дейін кафедраны доцент К.К. Капенова басқарды.

Қалыпты анатомия кафедрасының іргесін қалаушы медицина ғылымының докторы, профессор Моисей Маркович Тростанецкий (1950 ж.) , денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін  «Отличник здравоохранения» төс белгісімен марапатталған. Сол жылы анатомиялық мұражай да құрылды. 1951 жылы кафедраның меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Абрам Иосифович Лаббок болды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін  «Отличник здравоохранения» төс белгісімен марапатталған. 1951 жылдың сәуірінен  1964 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы, профессор Зиновий Герасимович Слободин қызмет етті.    1964 жылдан 1969 жылға дейін  қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы, профессор Белла Михайловна Эрез қызмет етті.   1969 жылдан 1990 жылға дейін кафедраны    медицина ғылымының докторы, профессор Любовь Сергеевна  Кочкина басқарды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін  «Отличник здравоохранения» төс белгісімен марапатталды. 1990 жылдан 2007 жылға дейін қалыпты анатомия кафедрасын  медицина ғылымының кандидаты, доцент Мухамедия Ермекович Тебенов басқарды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін   «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, үзақ жылдары бойы елеулі   еңбек еткені үшін, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің құрметті мақтау қағазымен, 2004 жылы ҚММА профессорлық-оқытушылар құрамының рейтингтік қызметінің бағасы бойынша «Үздік дәріскер» дипломымен  марапатталды.

 2007- 2008 оқу жылында қалыпты анатомия кафедрасы топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасымен қосылып «Анатомия» кафедрасы болып аталды.

2007 жылдан  2008 жылға дейін  анатомия кафедрасын  медицина ғылымының кандидаты, доцент Қамария Кабдешовна Капенова басқарды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін   «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, ұзақ жылдары бойы елеулі   еңбек еткені үшін, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің құрметті мақтау қағазымен марапатталды. 2008 жылдан 2009 жылға дейін анатомия кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушысы аға оқытушы  Қарлығаш Кайырбековна Кайырбекова болды.  2009 жылдан 2010 жыл аралығында кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы болып, медицина ғылымының кандидаты, доцент Ауэзхан Омарханович Омарханов тағайындалды,  денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін   «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, ұзақ жылдары бойы елеулі   еңбек еткені үшін «Ветеран труда» алқасымен, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің құрметті мақтау қағазымен, Республика тұрғындарына  емдеу-профилактикалық көмек ұйымдастыруда үлкен үлес қосқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. 2010 жылдан бастап кафедра меңгерушісі к.м.н. Нұрлан Нығметұлы Наурызов.

c6e03b52a3ce5f9d9aacea58867c8f6c

Кафедраның негізгі ғылми бағыты алдымен жанама қанайналыс және симпатикалық нерв жүйесінің топографиялық анатомиясының сұрақтары, заманауи хирургиясы  және радиобиологияның өзекті мәселелері:  жедел хирургиялық инфекцияны алдын алу  және емдеу жаңа тәсілдерін  іздену және өңдеу болды.

Кафедраның қызметкерлерімен бірнеше бағытта ізденістер жүргізілді: әртүрлі метаболиттік және патофизиологиялық  бұзылыстардың патогенезін зерттеу, осы патологиялық процесстер кезінде  ішкі ағзалардың микроциркуляторлық және  гемодинамикалық өзгерістері және  морфологиясы.

Сонымен қатар,  эксперимент жүзінде және клиникада эндогендік интоксикация синдромының емдеу тәсілдері апробациядан өтті. Осы ғылыми бағытта профессор Н.А.Хлоповтың жетекшілігімен 1 докторлық, 9 кандидаттық диссертация қорғалды.

1966 жылдан бастап  кафедрада жаңа ғылыми зерттеу бағыттары дамыды: күрделі операциялардың әр түрлі ішкі ағзалар мен жүйелерге әсері және оларға  тиімді терапиялық түрлерін пайдалану. Нақтылап айтсақ, ішкі ағзаларды алып ауыстырудағы  ағзалардың қайтадан жетілуіне сыртқы қоршаған ортаның зиянды әсерін ескеру: қазіргі кездегі хирургия мен радиологияның маңызды мәселелері, көмір шаңы енгізілген өкпені әр түрлі вариантта алып тастау кезіндегі репаративті регенерация және тамыр ішіндегі қанға лазерлі терапия қолдану; ЖЖС-мен бауыр клеткасына әсер еткендегі митогенді және мутагенді цитологиялық бағалау .

Кафедраның негізгі жетістіктері: 2 докторлық,  25 кандидаттық диссертациялар қорғалды, 400-ге жуық ғылыми жұмыстар,  14 авторлық куәліктер,  қазақ , орыс тілдерінде 5 монография, 5 оқу құралдары, 500-ден астам әдістемелік нұсқаулар  басылып шығарылды.

Қазіргі уақытта кафедрада келесі оқытушылар жұмыс істейді:

Кафедра меңгерушісі  - к.м.н. Н.Н.Наурызов, қауымдастырылған профессорлар - С.Ш.Атшабарова,  З.Т.Мухамеджанова;  профессор ассистенттері - К.К.Кайырбекова, Р.Т.Карибжанова, Г.Б.Шапатова, Б.С.Кусаинова, Е.Х.Батяева, И.А.Агаркова;  тьютор - С.Н.Шайкина; оқытушылар  – м.ғ.к. З.С.Кабикенова, м.ғ.к. Е.С.Сейтахмет, А.Т.Коржумбаев, Л.С.Омарова, М.Н.Сакенова.

bfc160ac194d34087ef94862d8b1353f

Гисталогия кафедрасы 19950 жылда құрылған. 1950 жылдары ҚММИ-дің бірінші ректоры Петр Мойсеевич Поспеловтың шақыруымен Қарағандыға Қазаннан А.А. Зорина келіп және гистология бөлімін басқарды. Гистология кафедрасының ғылыми тақырыбы А.А Зоринаның жетекшілігімен аналық жыныс жүйесі мүшелерінің афферентті және эфферентті жүйкеленуін зерттеуге бағытталған. А.А Зоринаның жетекшілігімен 20 кандидаттық диссертация қорғалған, 270-тен астам ғылыми мақалалар жарыққа шыққан. Қазақстан Республикасының жетекші морфологы 250-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы, халықаралық және республикалық баспасөзде, 3 монография, гистология бойынша типтік оқу бағдарламаларды жазған. Ғылыми бағыты: «Патологиядағы эмбрионалдық және постнатальды гистогенез», «Балалық шақтың патологиялық анатомиясы». Қазақ медициналық академиясының (Астана қ.) Докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі. 3 дәрігер, медицина ғылымдарының 22 кандидатын дайындады. ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасындағы ғылыми топтардың жетекшісі. Профессор Куркин А.В. «Құрметті денсаулық» белгісімен және «Қазақстан республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. А.В. Куркиннің жетекшілігімен кафедраның ғылыми тақырыбы қалыпты және патология кезіндегі ұрықтың пренатальды гистогенезінің өзекті мәселелеріне, соның ішінде жүктілік кезіндегі алкоголизацияға байланысты ғылыми тақырыптарға арналған. Осы тақырып бойынша докторлық диссертациялар қорғалды: М.М. Түсіпбекова «Сравнительная патология почек плодов и новорожденных при осложненной беременности у женщин центрального Казакстана» (1997 ж.); Г.У Жанайдарова «Эмбриональный и ранний постнатальный гистогенез сердечной мышцы при антенатальной интоксикации этанолом» (1997 ж.); Кандидаттық диссертациялар: М.М. Тусупбекова (1988 ж.), В.А. Югай (1988 ж.), Э.А. Надиров (1991 ж.), П.М. Коваленко (1993 ж.), Б.Х. Мадиева (1993 ж.), В.И. Медведев (1993 ж.). Перинатальды интоксикация тақырыбына Р.Ж. Есимованың (2004 ж.), К.Т. Нурсейтованың (2005 ж.) және т.б жұмыстары арналған. Профессор А.В. Куркиннің жетекшілігімен аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациялар қорғады: Унисьянова М.М., Кочерыжкина Н.А., Абзалиев К.А., Акашев Г.В., Рыбалкина Д.Х. және «Реактивность системы моноцит-макрофаг соединительной ткани при обезвоживании организма и коррекции гомеостаза антиоксидантами» тақырыбы бойынша Прошина Л.Г. докторлық диссертациясын қорғады. А.В. Куркиннің жетекшілігімен 25 диссертация (3 докторлық және 22 кандидаттық) дайындалған және қорғалған, 2 монография басылып шығарылған, 400 астам ғылыми мақала жарыққа шыққан, өнертабысқа патент алынған. 2 адам магистратура бітіріп, магистрлік диссертацияларын қорғады.

Қазіргі уақытта кафедрада келесі оқытушылар жұмыс істейді:

М.ғ.д., профессор Г.У.Жанайдарова, қауымдастырылған профессорлар – Р.Ж.Есимова, С.К.Джумабаева,  К.Т. Нурсейтова; профессор-ассистентері– Б.Х.Берикбаева; оқытушылар С.А.Кушербаев, Т.С.Бейсенов,Г.Ж.Ахметова.

b1c668c572c2f7c7fa4e02e92e49fa69

Физиология кафедрасы 1950 жылы институт ашылған жылы құрылды.2018 жылдан бастап морфология және физиология кафедрасының құрамына курс болып енгізілді.

«Физиология» пәні барлық медициналық мамандықтар бойынша жүргізіледі. Физиологияда біліктілігі жоғары педагогикалық ұжым жұмыстарын жүргізеді: м.ғ.д. профессор Ф.А.Миндубаева, бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., профессор-зерттеуші Н.К. Смағұлов; қауымдастырылған профессорлар – доцент, б.ғ.к. А.М. Евневич, б.ғ.к. Н.М. Харисова, б.ғ.к. Б.Т. Чергизова, профессор-ассистентері – м.ғ.к. Е.Ю.Салихова, м.ғ.к. Қантемиров М.Р., Н.В.Гитенис, Е.Г. Комкина, А.А. Адилбекова; тьютор –  Ш.Ш.Сарсембаева,  оқытушы Н.Н. Акимжанова.

f659e3dbbe8fe481696a858062622102

 Физиологияда ҚР Б ҒМ гранттық «Жас балаларда өкпелік гипертензияны ерте анықтау әдісін клинико-физиологиялық негіздеу» тақырыбы бойынша және екі инициативті тақырып: «Қоршаған ортаның әртүрлі факторларына ағзаның жүйелік бейімделу реакциясының механизмдері және жалпы заңдылықтары»;«8-дигидроксихинолин-2-карбон қышқылымен туындатылатын тәжірибелік қант диабеті және оның дамуының алдын алу мүмкіншіліктерін зерттеулер» бойынша ғылыми- зерттеу жұмысын белсенді жүргізуде.

Кафедраның оқытушы- профессорлар құрамы жыл сайын таяу және алыс шет елдерде халықаралық симпозиумдарға, ғылыми- тәжірибелік конференцияларға, сондай-ақ Ресей мен қазақстан физиологтарының съездеріне (Воронеж,2017ж; Алматы, 2018жыл) қатысты.

2008 жылдан бастап физиология кафедрасында ағзаның негізгі жүйелерін электрофизиологиялық (жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, ОЖЖ) және адамның функционалдық диагностикасы негіздерін зерттеуге арналған осы заманғы жаңа медициналық құралдармен жабдықталған оқу физиологиялық зертхана жұмыс істейді.

2012 жылдан бастап кафедрада студенттердің ғылыми – зерттеу үйірме мүшелері жыл сайын Фан тауларының биік шыңдарына адамның жеке бейімделушілігінің физиологиялық механизмдерін зерттеп, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай медициналық оқу орындарының өкілдерімен бірге Орта Азияның Халықаралық физиологиялық мектептерінде ғылыми-зерттеу жұмыстардан тәжірибе жинақтады. 2014 жылы физиология кафедрасы Қарқаралыдағы «Медик» сауықтыру лагері базасында «Қозғалу белсенділігі және студент денсаулығының деңгейі» Бірінші Халықаралық жазғы ғылыми физиологиялық мектебін ұйымдастырды, оған Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және Абу-Али Ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің (ТММУ) оқытушылары мен студенттері қатысты. Кафедраның оқытушылары бірлескен ғылыми жобаларға қатысады. 2015 жылы Е.Ю. Салихова Абу-Али Ибн Сина атындағы ТММУ ұйымдастырған Шығыс Памирдаөткізілген халықаралық ғылыми- зерттеу экспедициясына, 2017, 2019 жылдары Орта Азияның Халықаралық физиологиялық мектептерінде оқытушыларға арналған шараға қатысты.

2017 жылдың шілде-тамыз айларында KazMSA (Fatma Irem Gurbuzer (Gazi University, Turkey), Michela Marinaccio, (Bologna University, Italy), Francesco Gozza (Catania University, Italy), Sahin Safak (Tekirdag Namik Kemal University) аясында Түркия мен Италиядан келген студенттердің сырттан келген академиялық ұтқырлығы өткізілді. Физиологиялық зертханадағы ғылыми зерттеулер өткізу нәтижесінде студенттер орташа физикалық жүктеменің жүрек-қан тамырлары мен дем алу жүйесінің қызметтік көрсеткіштеріне  әсерін және реттегіш жүйенің күшею деңгейіне байланысты ағзаның бейімделушілік мүмкіндіктерін бағалауды анықтады.


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік