Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
ПАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ПАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«Университеттің құрылымдық бөлімдерінің өзгерістері» атты №11 26.06.18 жылдың ҚММУ ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес 01.09.2018 жылдан бастап патологиялық физиология және патологиялық анатомия кафедраларын біріктіре отырып Патология кафедрасы ұйымдастырылды.

Патология кафедрасында келесі пәндер оқытылады: «Жалпы патология», «Патология», «Мүшелер мен жүйелер патологиясы», «Патологиялық физиология», «Патологиялық анатомия», «Ауыз қуысының патологиясы», «Клиникалық патоморфология», «Сот медицинасы».

 ҚММУ байқау комиссиясының 2018 жылдың 11 қыркүйегінің шешімімен кафедраны профессор С.Б. Жәутікова басқарады. 

Жәутікова Сауле Базарбайқызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары педагогикалық дәрежеге ие. 1986 ж. ҚММИ «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік аяқтады. Кафедрада 1994 жылдан бері жұмыс жасайды, 2003 жылдын қыркүйегінен бастап 2018 жыл аралығында кафедра меңгерушісі болып табылады. 1998 жылы “Влияние глибенкламида на углеводный обмен и липопероксидацию при сахарном диабете” тақырыбына кандидаттық диссертациясы жұмысын қорғады (экспериментальды-клиникалық зерттеу).  2000 ж. бастап доцент атағын иеленді. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды, 2005 ж. «ҚР үздік оқытушысы» грантын алды. 260-тан астам ғылыми және әдістемелік жұмыстары ба, олардың нөлдік емес импакт факторы бар басылымдар, 2 монография, ҚР БҒМ белгісі бар 10 оқулық, 31 қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқу-әдістемелік құралдар , 2 предпатент, 46 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері. 2008 ж. «Санофи – Авентис» медициналық грантының «Диабетология» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды. 2009 жылдың қаңтар айында 14.00.03 – эндокринология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы дәрежесіне диссертациялық жұмыс қорғады, 2011 жылдан бастап профессор атағына ие, жоғары дәрежелі дәрігер-эндокринолог. 2005 және 2006 жылдарында «ҚММА үздік кафедра меңгерушісі», 2005 жылы «ҚММА үздік кафедрасы» атағына ие болды. 2015 жылы П.М. Поспелов атындағы «За вклад в развитие КГМУ» белгісімен марапатталды. Ғылыми кадрлар тағайындаудағы жетістіктер: медицина ғылымдарының 3 кандидаты; «Медицина» мамандығы бойынша 1Ph.D, «Медицина» мамандығы бойынша 3 магистр, эндокринология мамандығы бойынша 11 резидент. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Кафедра ұжымы 39 адамнан тұрады:

  профессорлар: м.ғ.д. М.М. Тусупбекова, м.ғ.д. Н.В. Козаченко, м.ғ.к.  Л.К. Быстревская, м.ғ.к.   Ф.С. Абикенова; доценттер м.ғ.к.   Богославский В.Л., м.ғ.к.  Х.Р. Абдикадирова, м.ғ.к.  И. В Медведева.,  м.ғ.к.  С.А. Мусабекова; ассистент-профессор-зерттеуші Е.К. Камышанский;  профессор-ассистенттері: С.М. Аринова, К.М. Жиенбаева, Ю.П. Таласпекова, О. А. Костылева, Г.Н. Иманбаева,  Р.Ж. Ныгызбаева; ассистенттер:   Д.Л. Косицын, Е.А. Котов, Р.М. Дусмаилов, С.Н. Журавлев, И. Мухаммад, оқытушы-тьюторлар: И.А. Барышникова, А.М. Карипова, Б.М. Сулейменова оқытушылар: Г.Б. Койшыгарина, М.Р. Мукушев, Н.Н. Володина, М.Ш. Жалмаханов;  әдіскер А.Қ. Дюсекина; лаборанттар: А.М. Пахоленко, А.Ж. Оскембекова, А.К. Дюсекина, А.Б. Есенжолова, Л.И. Барышева, Л.П.Марфута, А.В. Хамукова, Г.Е. Жумагулова, Е.В. Гарсиева, Е.В. Бош.

Түсіпбекова Майда Масхаповна – медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1966 жылдан бастап ҚММИ-да жұмыс істейді, 1998 жылдан 2018 жылға дейін патологиялық анатомия кафедрасын басқарды. ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тәуелсіз сарапшысы, жоғары біліктілік санатты дәрігер-патологанатом.
ҚР ДСМ -нің медициналық және фармацевтикалық медициналық қызметті бақылау комитетінің тәуелсіз аккредиттелген сарапшысы, Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының этикалық мәселелер және қоғамдық шағымдар жөніндегі комиссиясының мүшесі  болып табылады. 2009 жылы «ҚР үздік мұғалімі» грантының иегері, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, "Еңбек ардагері" медалімен, «Қазақстан Республикасының білім берудегі құрметті қызметкері» төс белгісімен, сонымен қатар 2015 ж «Хирургия саласындағы үздік дәрігер»,  2016 ж. «Үздік профессор», 2012ж. «Үздік кафедраның меңгерушісі». дипломдармен марапатталған. 2015 жылы ҚММУ-дің дамуына қосқан үлесі үшін П.М. Поспелов атындағы медалімен марапатталды. 
438 басылымы бар: 148 басылымдары ҚР БҒМ тізіміне енгізілген; ИМПАКТ - факторы бар журналдарда 14 басылым (Springer - 2.6, Thomson Reuters - 1.9); 23 монография, 5 көркем шығармалар,  29 оқу-әдістемелік нұсқау. Ойлап тапқыштық 6 авторлық патенті, 29 зияткерлік меншікті тіркеу туралы куәліктер бар. Халықаралық журналдарда (Израиль, Франция, Нью-Йорк, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай), Чехия, Германия, Грузия, Әзірбайжан және ТМД елдерінде басылымдары жарияланды. 
Ғылыми мамандар дайындап шығарды: 3 медицина ғылымдарының докторы, 7 медицина ғылымдарының кандидаты; «Медицина» мамандығы бойынша  1 PhD-докторлық, «Медицина» мамандығы бойынша 10 магистр, патологиялық анатомия мамандығы бойынша  4 резидент, қазіргі уақытта 4 PhD-докторлық, 1 магистрлық жұмыстың жетекшісі. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ жүргізу тілдері - орысша, қазақша.

Быстревская Любовь Кирилловна – медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор, кафедрада 1967 жылдан бастап жұмыс атқарады, I педагогикалық дәрежеге ие. 1963 жылы ҚММИ «Емдеу ісі» мамандығын үздік аяқтап шықты. 1971 жылы Патологиялық физиология - 14.00.16. мамандығы бойынша «Экспериментальный диабет, вызываемый 8-(п-толуолсульфониламино)-хинолином» атты кандидаттық диссертациялық жұмысын корғады. 1989 жылы доцент атағына ие болды. 1998 жыл мен 2001 жыл аралығында патологиялық физиология кафедрасын басқарды. 94 ғылыми жұмыстың авторы, «Патофизиология в вопросах и ответах» (1994 ж.), «Избранные лекции по патофизиологии» (1995 ж.), 15 оқу-әдістемелік құралдардың авторларының бірі болып табылады. «Ударник коммунистического труда» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Ветеран труда» төс белгілерімен марапатталған. 2012 жылдың шілде айында РФ Сургут мемлекеттік университетінде «Патологиялық физиология және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды. 2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет мақтау қағазымен марапатталды. 2015 жылы П.М. Поспелов атындағы «За вклад в развитие КГМУ» белгісімен марапатталды. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілі - орыс.

Абикенова Фатима Самитовна - медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор, кафедрада 1992 жылдан бастап жұмыс атқарады,  I педагогикалық дәрежеге ие. 1987 жылы ҚММИ «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын үздік аяқтады. 1999 жылы кандидаттық диссертациясын «Влияние гепарина на липопероксидацию и морфофункциональное состояние ß-клеток поджелудочной железы при экспериментальном сахарном диабете» патологиялық физиология - 14.00.16 мамандығы бойынша қорғап шықты. 2002 жылдан бастап кафедра доценті. 79 ғылыми публикациялары бар, 7 оқу-әдістемелік құралдың авторы. 2012 жылдың шілде айында РФ Сургут мемлекеттік университетінде «Патологиялық физиология және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды. 2003 ж. ҚР денсаулық сақтау министрінің мақтау қағазымен марапатталды, 2005 жылы ҚММА ПОҚ рейтингісі бойынша «Үздік доцент» атағына ие болған. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс.

Аринова Сапаркул Махамбеталиевна – ассистент-профессор, I педагогикалық дәрежеге ие. 1996 жылы ҚММИ «Медико-профилактикалық іс» мамандығын бітірген кафедрада 2003 жылдан бастап  оқытушылық жұмысын атқарады. 2005 жылы ҚММА алғашқы педагогикалық мамандандырылудан өтті. 2012 жылдың шілде айында РФ Сургут мемлекеттік университетінде «Патологиялық физиология және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды. 2012 жылдан бастап кафедраның аға оқытушысы. 21 ғылыми және әдістемелік публикациялары бар, 3 оқу-әдістемелік құралдарды қазақ тіліне аударған. ҚММУ алғыстарына ие. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс.

Жиенбаева Кымбат Мураткызы  - ассистент-профессор, I педагогикалық дәрежеге ие. ҚММА-ны 2005 ж. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірген. 2005 ж. бастап кафедра оқытушысы болып жұмыс істейді. 18 ғылыми және әдістемелік публикациялары бар, 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы.  2012 жылдың шілде айында РФ Сургут мемлекеттік университетінде «Патологиялық физиология және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды. 2014 жылы ғылыми-педагогикалық магистратураны аяқтап, Медицина магистрі атағына ие болды.Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді. Оқыту тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Абдикадирова Хамида Рахимовна - медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор,  кафедрада 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс атқарады, I педагогикалық дәрежеге ие. 1996 жылы ҚММИ «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын бітірген. 2006 жылы 14.00.07 – Гигиена мамандығы бойынша «Құрамында мыс бар полиметалды шаңның және алиментарлық коррекцияның бауырдың құрылымы мен қызметіне әсері (эксперименттік жұмыс)» атты кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 30 жуық ғылыми және әдістемелік публикациялары бар. 2016 жылдың маусым айында ҚММУ «Патологиялық және клиникалық патофизиология» пәндері бойынша мамандырылды. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс.

Медведева Ирина Валерьевна медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор,  1 дәрежелі дәрігер невропатолог.2008 жылдан бастап кафедра оқытушысы болып жұмыс істейді. 2002 жылы 14.00.13 – Нерв аурулары мамандығы бойынша «Клиническая и морфологическая характеристика поражения лимбической системы при опийной наркомании» тақырыбымен медицина ғылымдарының кандидаттығына диссертациясын қорғады. 20 ғылыми публикациясы, 1 предпатенті бар. 2012 жылдың шілде айында РФ Сургут мемлекеттік университетінде «Патологиялық физиология және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды.Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері –орыс, ағылшын.

Таласпекова Юлия Павловна – ассистент-профессор, I педагогикалық дәрежеге ие.  2012 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедрада оқытушылық қызмет атқарады. 2005 жылы ҚММА «Медико-профилактикалық ісі» мамандығын бітірген. 2013 жылдың қаңтар айында ҚММУ- де алғашқы педагогикалық мамандандырылудан өтті. Шілде айында «Патологиялық және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды. 4 ғылыми публикациясы бар. Ғылыми- педагогикалық магистратураға түсуге дайындалуда. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – орыс, ағылшын.

Мукушев Мейрам Раимкулович – оқытушы, 2 педагогикалық дәрежеге ие. 2013 жылдың ақпан айынан бастап кафедрада оқытушылық қызмет атқарады. 1986 жылы ҚММИ «Стоматология» мамандығын бітірген. 1986 жылы Жезқазған қаласында дәрігер стоматолог қызметін атқарған, 1991 жылдан Саран қаласында жұмыс атқарған. 2014 жылы шілде айында «Патологиялық және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс.

Барышникова Ирина Александровна – оқытушы-тьютор, I педагогикалық дәрежеге ие. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедрада оқытушылық қызмет атқарады.  1995 жылы ҚММИ «Педиатрия» мамандығын бітірген. 1996 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 1996 жылы Саран қаласында бөлімше дәрігері болып жұмыс атқарды. 2007 жылы Қарағанды қаласының Санэпидэкспертиза орталығында жұмыс атқарды. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілі–  орыс.

Карипова Асима Муратовна – оқытушы-тьютор, I педагогикалық дәрежеге ие. 2013 жылы наурыз айынан бастап кафедрада оқытушылық қызмет атқарады. 1985 жылы ҚММИ «Педиатрия» мамандығын бітірген. 1985 жылдан бастап Агадыр рай.СЭС. дәрігер- лаборант болып жұмыс атқарды. 2006 жылдан Карағанды облыстық санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығында қызмет атқарған. 01.10.14 – 17.12.14 ж. құзыреттілік бойынша педагогикалық біліктілікті жетілдіру курсынан өтті.

Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс.

  Володина Наталья Николаевна – оқытушы, 2013 жылдың наурыз айынан бастап кафедрада қызмет атқарады. 1986 жылы ҚММИ «Стоматология» мамандығын бітірген. Оқыту тілі –  орыс.

Койшыгарина Гульжамал Бектеновна  - оқытушы, 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедрада қызмет атқарады. I педагогикалық дәрежеге ие. 1983 жылы ҚММИ «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын бітірген. 1983 жылы Орал қаласында санитарлық дәрігер қызметін атқарды. 1989 жылы Қарағанды қаласы бойынша Ұлттық дәрілерді сараптау Орталығында жұмыс атқарды. Бірнеше рет мамандандырылудан өтті оның ішінде Мәскеу қаласында.

Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс.

Жалмаханов Мурат Шарапатович  - оқытушы, 2013 жылдың қазан айынан бастап кафедрада қызмет атқарады. I педагогикалық дәрежеге ие. 2003 жылы ҚММА «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын бітірген. 2003 жылы ОҚО СЭС дәрігер қызметін атқарды. 2012 жылы Қарағанды қаласының Санэпидэкспертиза орталығында дәрігер жұмысын атқарды. Мамандандыру бойынша сертификаттарға ие.

Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – ағылшын, қазақ.

Сулейменова Бахыт Маратовна – оқытушы-тьютор, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедрада қызмет атқарады. 1993 жылы ҚММА «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын бітірген. 2016 жылы маистратураны «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірді.

Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс.

Мусабекова Сауле Амангельдиевна - медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор, жоғары педагогикалық санаты бар, сот медицинасы, патологиялық анатомия пәніне  жауапты, жоғары білікті санатты сарапшы - дәрігер, ғылыми қызығушылығы – сот – медицина сараптамасында молекулалық-генетикалық талдау. «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 1997 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясын бітірді. 2005 жылы «Заманауй синтетикалық жуғыш құралдарды пайдалана отырып жуудан кейін физикалық дәлелдер бойынша қанның дақтарын сот-биологиялық сараптау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1997 жылдан бастап 2016 жылдың 31 наурызына дейін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» РМҚК Қарағанды ​​филиалында жұмыс істеді, алдымен физикалық дәлелдемелерді сараптаушы, содан кейін сот-биологиялық бөлімнің бастығы. 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚММУ доценті лауазымына тағайындалды. Сауле Амангельдиевна дәріс және тәжірбиелік сабақтарды жүргізуден басқа, ғылыми жұмыстарменде белсенді айналысады. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ жүргізу тілі - ағылшын.

Богославский Владислав Лукич - медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор,   жоғары біліктілік санатағы сот-медицина сарапшысы-дәрігер, ғылыми қызығушылығы  - бас миының жарақаттық зақымдалуының сараптамасы. В. Л. Богославский «Діріл ауруы кезінде шахтерлердің саусақтарының терісіндегі құрылымдық және метаболизмдік бұзылыстары» атты диссертация тақырыбын қорғағаннан кейін, доцент лауазымына тағайындалды.Доцент В. Л. Богославский 2013 жылдан бастап ҚММУ патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасында жұмыс істейді, оқу үрдісінің ұйымдастырушысы, сот медицинасы бойынша дәрістер оқиды, сот – медицинасының сарапшысы және сот - медицинасы кафедрасының оқытушысы қызметін үйлестіре отырып, тәжірбиелік сабақтар мен тәрбие жұмыстарын жүргізеді. 100-ден астам мақалаларды жариялады және 10-нан астам сот - медицинасының түрлі мәселелерінің сұрақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар әзірледі. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ жүргізу тілі – орыс.

Костылева Ольга Андреевна – ассистент-профессор,1-ші санатты дәрігер-патологанатом, 1-ші педагогикалық категориялы оқытушы, ғылыми қызығушылығы – жатыр, жатыр түтігі, аналық без операциялық-биопсиялық материалдары бойынша әйел жыныс мүшелерінің патологиясын зерттеу. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – орыс.

Косицын Денис Леонидович – ассистент, дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы –жатыр мойнының эксцизиясы операциялық материалы бойынша цервикальды интраэпителиальды неоплазияны зерттеу. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – орыс.

Ныгызбаева Райхан Жаксылыковна – ассистент-профессор, 1-ші санатты дәрігер-патологанатом, медицина магистрі. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген.

Ғылыми-педагогикалық магистратураны аяқтады, медицина Магистрі дәрежесін алды. Сабақ өткізу тілі – қазақ.

Котов Евгений Александрович – ассистент, 2-ші санатты дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы – изучение полового диморфизма соединений костей черепа. TBL, CBL, майнд-мэппинг-түрінде сабақтар жүргізе алады. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – орыс.

Иманбаева Гулназира Назымхикматовна – ассистент-профессор, 2-ші санатты дәрігер -патологанатом, 1-ші педагогикалық категориялы оқытушы, ғылыми қызығушылығы – ӨИА клиника-морфологиялық түрлері. Патологиялық анатомия бойынша резидентураны бітірген. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – қазақ.

Дусмаилов Рахимжан Мендашевич – ассистент, 2-ші санатты дәрігер-сот-медициналық эксперт, ғылыми қызығушылығы – көлік жарақатының сараптамасы. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – қазақ, орыс.

Мухаммад Ирфан – ассистент, дәрігер-патологоанатом. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – орыс, ағылшын. IELTS 6,5 балдық көрсеткіште тапсырды.

Журавлев Сергей Николаевич – ассистент, медицина магистрі, 2-ші санатты дәрігер-сот-медициналық эксперт, ғылыми қызығушылығы – ми тамырларының мальформациясының морфологиялық диагностикасы. Ғылыми-педагогикалық магистратураны аяқтады, медицина Магистрі дәрежесін алды. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – орыс, ағылшын.

Гарсиева Елена Вячеславовна – ассистент, TBL, CBL, майнд-мэппинг-түрінде сабақтар жүргізе алады. Сабақ өткізу тілі – орыс, ағылшын.

Камышанский Евгений Константинович – ассистент-профессор-зерттеуші. Басты ғылыми қызығушылығы – ана - бала жолдасы - ұрық жүйесінің патологиясы. Патологиялық анатомия бойынша резидентураны бітірген.

Козаченко Надежда Вениаминовна – мидицина ғылымдарының докторы, профессор, қоса атқарушы.

  Кафедрада ғылыми ізденіс жұмыстары екі бағытта жүреді. Бірінші бағыт – диабеттің механизмдерін және сонымен қатар гипоталамустық семіру патогенезін инсулиннің реттелу механизмін және олардың бұзылуын оқу. Қант диабетінің ізденіс жұмыстары барысында профессор Я. А. Лазарис профессор И. А. Серебровскаямен және өзінің шәкіріттерімен бірге Совет Одағы кезінде бірінші рет аллоксанды және дитизонды диабетті алды. Кафедраның зертханасында 8 жаңа «химиялық» диабеттің үлгілері алынған, яғни инсулин жеткіліксіздігінің молекулалық кейбір механизмдері ізденістің түсініктеріне жақын. Екінші бағыты болып өкпенің жедел ісіну патогенезі мен өкпенің маңызды мембраналық құрылымының – олардың сурфактанттық жүйесінің бұзылыстарын игеру болып табылады.

  Кафедра ұжымымен отандық және шет елдік журналдарда 3000 астам ғылыми мақала басылымнан шыққан, олар патологиялық физиология бойынша көптомдық басқармасының бөлімдерінде, үлкен медициналық энциклопедияда мақала, 11 монография жарық көрді. 11 докторлық және 38 кандидаттық диссертациялық жұмыстар қорғалған. 1991 жылы патологиялық физиология кафедрасына профессор Яков Аронович Лазаристің аты берілді.

   Кафедра оқытушылары негізін қалап кеткен ғылыми дәстүрлерді жалғастыруда.

Патологиялық анатомия кафедрасында ғылыми зерттеу жұмыстары төмендегі басты медико-биологиялық мәселелерге бағытталған: «Тіндер мен мүшелердің өткізгіштігі»; «Адамның маңызда сырқаттарының патологиялық анатомиясы»; "Еңбек гигиенасы және кәсіптік сырқаттар»; «Перинатальды және пренатальды кезеңдегі патологиялық анатомия».

Патологиялық анатомия кафедрасының қызметкерлерімен 4 докторлық (С.Ф.Серов, Х.С. Нугманова, А.Э.Шкутин, М.М.Тусупбекова) және 15 кандидаттық диссертация қорғалды, 25 монография, 52 оқу-әдістемелік нұсқа басылды, ғылыми жұмыстар жинағы шығарылды, 3500 ғылыми мақалалар және тезистар жарық көрді. Ғылыми зерттеулер нәтижелері алыс шет мемлекеттерде және ТМД елдерінде өткен халықаралық форумдарда, республикалық съездерде, симпозиумдарда және конференцияларда баяндалды.

Терапия, хирургия, ЛОР-аурулары, травматология, фтизиатрия, балалар аурулары, акушерлік және гинекология, гигиена және стоматологиялық пәндер кафедрасының ізденушілерімен патологиялық анатомия кафедрасының қызметкерлерінің тікелей жұмыс жасауы нәтижесінде 8 докторлық және 35 кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Қазахстанда медициналық жоғарғы оқу орындарының ішінде ең алғаш 1962 жылдан бастап кафедрада ҒЗЖ орындау үшін электронды-микроскопиялық, гистохимиялық және иммуннноморфологиялық зерттеу әдістері қолданыла бастады.

Патологиялық анатомия кафедрасының базасында институттың ОҒЗЛ болашағының негізі қаланды. Оның ұйымдастырушысы және алғашқы басшысы - оқытушы Л.Н. Слободина және көп жылдар бойы осы зертханада еңбек етіп, кейін ҚММИ ОҒЗЛ басшысы қызметін атқарған, м.ғ.к., доцент М.М. Сарсембаев болды, кафедрада 1970 -1973 жылдар аралығында доцент лауазымында еңбек етті.


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік