Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
№2 ішкі аурулар кафедрасы

№2 ішкі аурулар кафедрасы

c6ac429c7b3dc2d58630ef12d2f1af4f

Госпиталды терапия кафедрасы (қазір №2 ішкі аурулар) 1953 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі профессор Е. И. Цукерштейн болды (1953-1962жж). 1963 жылдан 1987 жылға дейін кафедраны профессор К. З. Тнимова басқарды. 1971ж. №2 госпиталды терапия кафедрасы ұйымдастырылды, оны В.М. Карлинский басқарды. 1987-1996 жылдар аралығында №1 госпиталды терапия кафедрасының меңгерушісі доцент Л.К. Бадина болды. 1996 жылдың бірінші шілде айынан бастап екі кафедра – госпиталды терапия кафедрасына біріктірілді, кейіннен №2 ішкі аурулар кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра меңгерушісі болып профессор, медицина ғылымдарының докторы Н.С. Умбеталина тағайындалды. 2003 жылдан бастап 2012 жылға дейін кафедраның меңгерушісі м.ғ.д., профессор Р.Д.Қонақбаева болды. 2012 жылдың наурыз айынан 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Л.Г.Тургунова басқарды. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №2 ішкі аурулар кафедрасына медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Е.М.Ларюшина жетекшілік етеді.

Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары – геронтология және гериатрия, кардиология, гастроэнтерология, гематология, эндокринология. «Экологиялық тәуекелдер мен халық денсаулығы» ғылыми-техникалық жобасы және «M14-465 «Тұрақты метатрексатпен фондық терапияда және оған жауап алынбаған орташа ауырлықты немесе ауыр белсенді ағымы бар ревматоидты артритпен науқастарда ABT-494 препаратының плацебо және адалимумаб III фазасының рандомизирленген, екі соқыр зерттеуі» ғылыми жұмысы бойынша жұмыс аяқталды.

Қазіргі уақытта кафедра қызметкерлері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында «Қоғамдық денсаулықты сақтау мақсатымен профилактикалық ортаны қалыптастырудың ғылыми негіздерін әзірлеу» және «Триптофанның диабеттік метаболитімен шақырылған қант диабетінің даму механизмдері мен алдын алу мүмкіндіктерін зерттеу» атты ғылыми-техникалық жобаларына қатысуда.

№2 ішкі аурулар кафедрасы 5 клиникалық базада орналасқан:  Облыстық клиникалық аурухана, Университет клиникасы, Облыстық профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығы, Облыстық  кардиологиялық орталық және Теміртау қаласының орталық ауруханасы. Кафедра саласының терапевтикалық бейінді арнайы мамандандырылған бөлімдері бар (кардиология – инфаркт бөлімі, аритмология, гастроэнтерология, гематология, ревматология, эндокринология, жалпы терапия). Кафедраның клиникалық базалары зертханалық, аспаптық және функционалды диагностиканы өткізу үшін заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы  жоғары педагогикалық,  емдік біліктілік және ғылыми потенциалымен ерекшеленеді. Оқытушылардың 57% ғылыми дәрежелері мен атақтары бар, оның ішінде 2 медицина ғылымдарының докторы. Кафедраның барлық қызметкерлерінің дәрігерлік біліктілігі бар, 65% жоғары санатты дәрігер, 4 денсаулық сақтау үздігі. Кафедра меңгерушісі Е.М.Ларюшина, профессор Ш.С.Койгельдинова, профессор Л.Г.Тургунова, доцент Л.К.Бадина, доцент Н.В.Васильева П.М.Поспелов атындағы «ҚММУ дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Кафедра қызметкерлерімен оқу үрдісіне және тәжірибелік денсаулық сақтау жұмыстарына ішкі аурулар патологиясын емдеу және диагностикасының тиімді технологиялары белсенді енгізілуде, дәрігерлерге арналған оқу семинарлары мен шеберлік сабақтары жүргізіледі. Жетекші профессорлар, доценттер және кафедра қызметкерлері облыс және қала науқастарына тұрақты кеңестік көмек көрсетеді. Кафедра қызметкерлері көптеген басылымдар, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсыныстар, оқулықтардың авторлары болып табылады.

ҚММУ ПОҚ қызметін рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша 2008/2009 оқу жылдарында кафедра «Университеттің үздік кафедрасы» дипломымен марапатталды, 2009-2010 жылдары доцент Л.Г.Тургунова «ҚММУ үздік доценті» дипломымен және 2010-2011 жылдары «Факультеттің үздік кафедрасы» дипломымен, 2009-2010 жылдары доцент К.К.Төлеубеков – «Жылдың үздік кураторы» дипломымен, 2011-2012 жылдары кафедра «Университеттің үздік кафедрасы» және «Факультеттің үздік кафедрасы» дипломдарымен марапатталды. 2012-2013 жылдары Г.Т.Игимбаева «Университеттің үздік ассистенті» дипломымен марапатталды.

№2 ішкі аурулар кафедрасы студенттерді, интерндерді және резиденттерді дайындауда тәжірибеге бай, дәрігер-терапевттің қалыптасуына бар білім мен дағдыларды беруде. Оқу үрдісі «Жалпы медицина» мамандығы бойынша келесі пәндер бойынша жүзеге асырылады: клиникалық медицинаға кіріспе-2 (3 курс), ішкі аурулар (4 курс, интернатура), «Клиникалық электркардиография» (5 курс) элективті пәні. Сабақ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқу барысында оқытудың белсенді әдістері кеңінен пайдаланылады – күрделі лекциялар, TBL, CBL, RBL әдістері бойынша практикалық сабақтар, e-learning технологиялары, пән аралық, симуляциялық оқыту және басқалары. Студенттер жыл сайын халықаралық конференцияларда баяндама мен жариялымдар түрінде ғылыми зерттеулер нәтижелерін ұсына отырып, кафедраның ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысады. 2018 жылы интерн-терапевт Ә.Қайсина «Қазақстан Республикасының үздік интерн-терапевті» конкурсында 1 орын алды.

Резидентураға дайындық «Гематология», «Гастроэнтерология, соның ішінде балалар» және «Эндокринология, соның ішінде балалар» бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Осы бағыттар бойынша қайта даярлау, біліктілікті арттыру, оқу семинарлары мен шеберлік сабақтары өткізіледі.

Кафедра жоғары корпоративті мәдениетімен ерекшеленеді. Кафедрада дәстүрге арналған мерекелер – «Жаңа жыл», «Наурыз мейрамы», «Соңғы қоңырау», ардагерлермен кездесу, зияткерлік ойындар. Студенттер кафедра өткізетін қайырымдылық және сауықтыру акцияларына белсене қатысып тұрады.


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік