Қарағанды медицина университеті білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған бастапқы аккредиттеуден сәтті өтті
2020 жылғы 2-4 желтоқсан аралығында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптама комиссиясы WFME/ASME бастапқы мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне 6B05101 "Биомедицина", 7M05102 "Биолог-зерттеуші", 7R09132 "Ревматология, оның ішінде балалар ревматологиясы" білім беру бағдарламаларын бағалау жүргізді.