Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
Басты бет
Білім беру
Студентке
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттар

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін (резидентура) білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсын жүргізу туралы

Құрметті білім алушылар!

2018-2019 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғарыжәне жоғары оқу орнынан кейін (резидентура) білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсы жарияланады.

«"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N58 Қаулысына және ҚММУ-нің Академиялық саясатына сәйкес:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін (резидентура) білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша даярлау бағыттарының ішінде конкурстық негізде беріледі.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін (резидентура) білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары осы мамандығы бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс бүкіл оқу кезеңіндегі GPA үлгерімінің орташа балының негізінде аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі.

GPA үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), содан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар, одан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Екі академиялық кезең ішінде конкурсқа қатысуға келесі білім алушылар жіберілмейді (бос білім беру гранттарына үміткерлердің жоқтығы жағдайын қоспағанда):

-  бір тілдегі оқытудан екінші тілге ауыстырылғандар;

-  басқа мамандықтардан ауыстырылғандар;

-  басқа ЖОО-нан ауыстырылғандар;

-  тәртіптік жазасы барлар;

-  академиялық берешегі барлар;

-  оқудан шыққаннан кейін қалпына келтірілгендер;

-  қайта оқу курсына қалғандар.

Нақты мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша даярлау бағыттарының ішінде конкурстық негізде беріледі.

Құжаттарды қабылдау 2019 15 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Білім алушының мектепке ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі:

1. ЖОО ректорының атына жазған өтінімі.

2. Транскрипт.

3. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

4. Әлеуметтік мәртебе туралы анықтама (болған жағдайда).

b75ea9e7379e953fdd1b901d3f4797eb

Назар аударыңыз! Білім беру гранттарының иелері (соның ішінде бос) білу маңызды!

«Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурызындағы № 390 қаулысына сәйкес (16.11.2018 ж. жағдайындағы өзгерістер мен толықтырулар):

3.  Педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылда, кентте, ауылдық округте (бұдан әрі – ауылдық жер) орналасқан тиісті мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, қызметін ветеринария саласында жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде не мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда жұмысты өтейді.

3-1. Педагогтік, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар ЖОО-ны бітіргеннен кейін оқыған жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмысты өтейді.

4.  Педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтейді.

4-1. Басқа мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмысты өтейді.

2018-2019 оқу жылында жазғы емтихан сессиясының жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру туралы бұйрық





Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік